«Геоплазма» ЖШС-нің МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сай аккредиттелген өзінің Сынақ зертханасы (СЗ) бар. СЗ Ақтөбе қаласында орналасқан, қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған; зертхананың тұрақты құрамына тәжірибелі және білікті қызметкерлер кіреді.
«Геоплазма» ЖШС химиялық талдау, минералогиялық, геохимиялық және петрографиялық зерттеулер, рентгенді-фазалық талдау, морфологиялық талдау және т.б. әр түрлі бір топ аналитикалық жұмыстарды орындайды.
Егерде Сізді біздің зертханамыздың мүмкіндігі қызықтыратын болса, біз қуаныштымыз және де қуана отырып, Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.
Төменде, жүргізілетін жұмыстардың жалпы сипаттамасы келтірілген:
-
Кендердің, тау жыныстарының индуктивті байланысқан плазмалық спектрометрия (ICP OES) әдісімен көп элементті талдау. Әдіс жоғары өнімділікпен, элементтердің кең ауқымын анықтаудың төмен шектерімен және ең бастысы жақсы дұрыстығымен сипатталады. Зертханада VARIAN фирмасының VISTA MPX спектрометрі, геологиялық стандарттардың үлкен жинағы, сынама дайындау әдістерінің кең таңдауы бар.
Анықталатын элементтердің типтік жиынтығы және анықтау шектері
элемент |
min |
max |
өлш. бірл. |
№рс |
элемент |
min |
max |
өлш. бірл. |
||
1 |
Ag |
2 |
100 |
ppm |
18 |
Mn |
5 |
10000 |
ppm |
|
2 |
Al |
0,01 |
15 |
% |
19 |
Mo |
1 |
10000 |
ppm |
|
3 |
As |
5 |
10000 |
ppm |
20 |
Na |
0,01 |
15 |
% |
|
4 |
Ba |
10 |
10000 |
ppm |
21 |
Ni |
1 |
10000 |
ppm |
|
5 |
Be |
0,5 |
10000 |
ppm |
22 |
P |
0,1 |
15 |
% |
|
6 |
Bi |
5 |
10000 |
ppm |
23 |
Pb |
3,5 |
10000 |
ppm |
|
7 |
Ca |
0,01 |
15 |
% |
24 |
S |
0,01 |
5 |
% |
|
8 |
Cd |
1 |
500 |
ppm |
25 |
Sb |
5 |
10000 |
ppm |
|
9 |
Co |
10 |
10000 |
ppm |
26 |
Sc |
5 |
10000 |
ppm |
|
10 |
Cr |
1 |
10000 |
ppm |
27 |
Sn |
15 |
10000 |
ppm |
|
11 |
Cu |
1 |
10000 |
ppm |
28 |
Sr |
5 |
10000 |
ppm |
|
12 |
Fe |
0,01 |
15 |
% |
29 |
Ti |
0,01 |
15 |
% |
|
13 |
Hg |
10 |
1000 |
ppm |
30 |
V |
10 |
10000 |
ppm |
|
14 |
K |
0,01 |
15 |
% |
31 |
W |
20 |
10000 |
ppm |
|
15 |
La |
1 |
10000 |
ppm |
32 |
Y |
1 |
10000 |
ppm |
|
16 |
Li |
1 |
10000 |
ppm |
33 |
Zn |
5 |
10000 |
ppm |
|
17 |
Mg |
0,01 |
15 |
% |
34 |
Zr |
1 |
10000 |
ppm |
Тапсырыс берушінің қалауы бойынша анықталушы элементтер элементтерді анықтаудың басқа әдістерімен кеңейтілуі және толықтырылуы мүмкін (ААS атомдық-абсорбциялық талдаумен, XRF рентген сәулеленуімен, колориметриямен, ионометриямен, ICP-MS).
- Тау жыныстарын толық талдау, тау жыныстарының жеке компоненттерін анықтау. Талдау ICP-OES, рентгендік флуоресценция, гравиметриялық әдістер, колориметрия әдістерімен жүзеге асырылады. Құрамға байланысты сынамалардың ыдырауы қышқылды ашу немесе балқыту арқылы жүзеге асырылады.
- 0,1 ppm (AAS әдісімен) құрамындағы кендердегі, жыныстардағы, ерітінділердегі алтынды анықтау.
- Зертханада автоматтандырылған атомды-эмиссиялық ДФС-462 СПЕКТРОМЕТРІ бар. Спектрометр әр талданатын аймақ үшін қажетті кері сызықтық дисперсияны және жоғары кескін сапасын қамтамасыз ету үшін ойыс классикалық емес торларға негізделген оптикалық сызбаны пайдаланады. Спектрометр 200-460 нм және 550-800 нм спектрдің екі учаскесінің ақпаратын жібермей бір мезгілде тіркеуді қамтамасыз етеді.
- ДФС спектрометрінің көмегімен кендер мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне (хром, мыс, марганец және т.б.) көп элементті талдау жүргізуге болады. Қышқылдың ыдырауынсыз ұсақталған үлгіні пайдалану талдау уақытын едәуір қысқартады және өнімділікті арттырады.
-
Тау жынысының (құрылымдық-текстуралық сипаттамасы, минералдық құрамы, метосоматикалық өзгертулерді бөлу мен сипаттамасы), сонымен қатар бұрғылау шламының минерологиялық және петрографиялық зерттеулері. Зертхана Buehler фирмасының түссіз, түссіз-жылтыратылған және жылтыратылған ысылмалар жасауға арналған құрал-жабдықтарға, кең спектрлі оптикалық поляризациялық микроскоптар, энергия-дисперсиялық спектрометрі, ИК-спектрометрі т.б. бар JEOL фирмасының электрондық микроталдағышына ие.
-
Аналитикалық кескінді электронды микроскопия. Морфология құрамын, демеуліктерін, оған қоса морфометрлік талдауды зерделеу.
-
ICP-MS, ICP-OES, XRF, ААS әдістерімен геохимиялық сынаманың талдауы.
Сынақ зертханасының «Геоплазма» ЖШС тұлғасында бір мердігермен сынама дайындаудан бастап (уату, ұнтақтау, ылғыл немесе дымқыл сынаманы қосымша кептіру, өлшеу және т.т.), келесі аналитикалық зерттеулер мен сынама телнұсқасын сақтаумен аяқталатын, сонымен қатар ұңғыманың керн мен шламын толық өңдеу циклы мен сынама талдауын орындауды қамтамасыз ететін уатқыш цехы, жынысөзек қоймасы, сынама қоймасы бар.
Арнаулы үй-жай құрылысы (жынысөзек қоймасы, сынама қоймасы) қызмет көрсетілетін кәсіпорынның өкіліне сұралатын жынысөзек пен шламның фрагментіне тез қол жеткізуге мүмкіндік береді, ұңғыманың жынысөзек пен шламының, әртүрлі тау жыныстарының сынамасының ұзақ мерзімді және сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.