«Геоплазма» ЖШС-нің қызмет саласы пайдалы қазбалардың барлық түрлеріне геологиялық барлау (ГБЖ) жұмыстарын жобалауды, ғылыми-өндірістік және зертханалық-талдаманы қамтамасыз етуді, ғылыми-зерттеу және ғылыми-қолданбалы жұмыстарды енгізетін геологиялық ғылыми-зерттеу ұйымы болып табылады.
Кәсіпорын қатты пайдалы қазбалардың (ҚПҚ) геологиялық жұмыстарының болжалған белсенділігі аясында жасалды. Сонымен бірге сервистік компанияның басты басымдығы - заманауи құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, кен геологиясы аймағында сапалы аналитикалық қызмет көрсету болды және болып қала береді.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы көрсетілетін жұмыс пен қызметтің осы уақытта талап етілетінін сипаттайды және де аккредиттелген Сынақ зертханасы сияқты осындай өзара байланысты бөлімшелер, бөлімдерді енгізеді: геология, геофизика, бұрғылау, экология, мұнай және газға арналған ұңғымалардың құрылыс жобаларын жасау, сонымен қатар уату цехы мен жынысөзек.
«Геоплазма» ЖШС білікті геологиялық кадрларға ие; Компанияның мамандары ГБЖ жүргізудің жеткілікті тәжірибесіне ие, Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы ұсынылатын жер қойнауы телімдеріне әділетті баға мен болжамды шамасын беруге қабілетті, осылайша, бастапқы кезеңде әлеуетті жер қойнауын пайдаланушыны оның жоспары мен ойына сай оңтайлы жолға бағыттауға мүмкіндігі бар.
Компания қызметі геологиялық зерделеу мен жер қойнауын пайдалану саласында келешегі бар бизнесті дамыту үшін, бірегей мүмкіндіктерге ие Ақтөбе өңіріне басымырақ көңіл аударған. Титанды-магнетитті, калий тұзы кенінің, темір және титанды-цирокониялы кеннің, бокситтер, каолина, вермикулит, шыны құмы, диатомиттердің өндірістік қорларының болуы, сонымен қатар алдын ала бағаланған молибден, мыс, алтын, марганец және басқа да пайдалы қазбалар әлеуетті инвесторларды осы аймақпен аса қызықтырыруға мүмкіндік береді.
«Геоплазма» ЖШС сервистік компания ретінде, әлеуетті тапсырыс беруші бір кәсіпорынға барлық кешенді жұмыс пен қызметті көрсету мүмкіндігіне ие болу қалпымен жасалған, алдын ала кеңес беру, жобалаудан бастай отырып, қажетті сараптамаларды алу мен соңғы есеп беруді жасай отырып, геологиялық барлау жұмыстарының өзін тікелей орындауға дейін дайындалған құжаттарды келісу.
Компанияның қосымша қызметтер аясына қызметтің осындай ерекше және тар шеңберде мамандандырылған келесідей бағыттары кіреді:
-
Қазақ Оралының металы бар және минерологиясының келешегін жалпылау мен бағалау бойынша тақырыптық және ғылыми-қолданбалы жұмыстары;
-
Кен геологиясы бойынша қайта қарау және жалпылаумен байланысты өңіраралық геологиялық зерттеу;
-
Мемлекеттік және жергілікті маңызы бар табиғи-қорықтық қорлардың ерекше қорғалатын геологиялық объектілеріндегі ғылыми зерттеулер;
-
Протерозойлық, палезойлық, мезозойлық және кайнозойлық қабаттар мен түзінділер жынысының заттық құрамын зерделеу;
-
Мұғалжардың протерозойлық-фанерозойлық қабаттары мен түзінділерінің тіреу және стратотиптік тілімдерін жасау бойынша далалық ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;
-
Шөгінді, магмалық және метаморфиялық жиынтық жыныстарының литологиялық және петрографиялық зерттеулері;
-
Карбонаттық және терригендік қабаттардың объектілеріне, сонымен қатар Ақтөбе өңірінің басқа да бірегей геологиялық (магмалық, метаморфиялық, метасоматикалық) телімдеріне ғылыми – геологиялық экскурсиялар ұйымдастыру және жүргізу.