Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау
Телефон: +7 (7132)40-63-43
Е-mail: geoplazma@geoplazma.kz
«Геоплазма» ЖШС геологиялық ғылыми-зерттеу мекемесі. Оның қызмет аясына жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу және зертханалық-аналитикалық қызмет көрсету кіреді
Біздің мамандар геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуде жеткілікті тәжірибеге ие, жер қойнауының берілетін телімдері бойынша әділ баға мен болжамалы шама беруге қабілетті, сонысымен басты кезеңде әлеуетті жер қойнауын пайдаланушыны оның жоспарлары мен ойларына сай тиімді жолға салу мүмкіндіктері бар.
Компания қызметі титанды-магнетитті, калий тұзы кенінің, темір және титанды-цирокониялы кеннің, бокситтер, каолина, вермикулит, шыны құмы, диатомиттердің өндірістік қорлары бар, сонымен қатар алдын ала бағаланған молибден, мыс, алтын, марганец және басқа да пайдалы қазбаларға ие Ақтөбе өңіріне басымырақ көңіл аударған.
Біздің мекеме пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, барлау және пайдалану аймағында ауқымды қызмет түрлерін қамтамасыз ететін келесі құрылымдық бөлімшелерге ие:
Геология және геофизика
«Геоплазма» ЖШС-нің геологиялық қызметкерлері қатты және көпшілікке таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеуде заманауи әдістерін басшылыққа алады, құжаттарды сараптамаға келісу бойынша барлық қажетті рәсімдерді орындай отырып, іздеу және іздеу-барлау жұмыстарының жобаларын жасауға қатысады. Қызметкерлердің тәжірибесі мен жаңа материалдық база зерделеніп жатқан объекттер туралы деректерді жедел де анық алуға мүмкіндік береді.
Экологиялық топ
«Геоплазма» ЖШС экологиялық топ тұлғасында – экология аймағында табиғат қорғауды жобалаумен айналысады, кәсіпорындар мен мекемелерге экология аймағында толық қызмет түрлерін көрсетеді.
Жеке талдау зертханамыздың болуы жұмыстың басталу кезінде қоршаған ортаның барлық компоненттері: ауа, су және топырақ бойынша жобаланушы объекттердің экологиялық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Жобалар нормативтерін дайындауда ластану көздерін түгендеу кезінде жобаланушы объекттердің көздеріне аспаптық өлшеу жүргізіледі.
Қауіпті қалдықтардың төлқұжатын жасау үшін, компанияның зертханасында құрамы белгісіз өндіріс қалдықтарының құрамын анықтау мүмкіндігі бар, мысалы, өндірістік шлам, өңделген ерітінді.
Ластаушы заттардың жайылуын болжау, жылдық орташа шоғырлану, шумен әсер ету, тұрғындардың денсаулығына келетін қауіп-қатер есебі мен жылыжай газдарының атылу есебі «Логос Плюс» фирмасының «Эра» бағдарламалық жиынтығы 2.0 нұсқасы бойынша жүргізіледі.
Бұрғылау бөлімі
Тапсырыс берушінің жобасын жүзеге асыру үшін, «Геоплазма» ЖШС-мен ұсынылатын барлық бұрғы қызметкерлерінде барлау ұңғымаларынан басқа, тереңдігі 1500-6400 м пайдалану ұңғымаларын бұрғылаудан Батыс Қазақстан кен орындарында бұрғылау жұмыстарын жүргізуде мол тәжірибелері бар.
Бұрғылау жұмыстарына дайындық:
бұрғылаудың техникалық жобаларын дайындау және терең мұнай мен газ ұңғымаларын сынау;
бұрғылау қондырғыларына және ұңғыма бұрғылау үшін жұмылдырылған басқа да құрал-жабдықтарға техникалық талаптар дайындау;
шығын материалдары мен бұрғылау, сонымен қатар бұрғылау мен сынауға арналған ілеспе қызметтерді жеткізу үшін тендерлік ұсыныстардың техникалық және коммерциялық бағалауы;
бұрғылау жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша мердігерлер таңдау;
рұқсат құжаттамаларын ҚР мемлекеттік бақылау органдарында келісу;
бұрғылау жұмыстарының ұйымдық құрылымдарын дайындау;
Бұрғылау және шығын материалдарын жеткізу кестесін дайындау.
Бұрғылау жұмыстарын жүргізу:
бұрғылау жұмыстарын басқару;
жұмыс алаңдарында техникалық қауіпсіздікті сақтауды бақылау;
бұрғылау жұмыстарына қатысатын мердігерлердің жұмыстарын үйлестіру;
шығын материалдарын жеткізу кестелерінің орындалуын бақылау;
құрал-жабдықтар жұмыстарының және қолданылатын материалдар мен технологиялардың экономикалық тиімділігінің талдауы;
бұрғылау жұмыстарына кететін шығындарды азайту және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;
ағымдағы есептілік.
Зертхана мен Жынысөзек қоймасы
«Геоплазма» ЖШС-нің МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сай аккредиттелген өзінің Сынақ зертханасы (СЗ) бар.
Зертхана Ақтөбе қаласында орналасқан, зертхананың тұрақты құрамына тәжірибелі және білікті қызметкерлер кіреді. «Геоплазма» ЖШС химиялық талдау, минералогиялық, геохимиялық және петрографиялық зерттеулер, рентгенді-фазалық талдау, морфологиялық талдау және т.б. әр түрлі бір топ аналитикалық жұмыстарды орындайды.
Зертхананың территориясында «Геоплазма» ЖШС тұлғасында бір мердігермен сынама дайындаудан бастап (уату, ұнтақтау, ылғыл немесе дымқыл сынаманы қосымша кептіру, өлшеу және т.т.), келесі аналитикалық зерттеулер мен сынама телнұсқасын сақтаумен аяқталатын, сонымен қатар ұңғыманың керн мен шламын толық өңдеу циклы мен сынама талдауын орындауды қамтамасыз ететін уатқыш цехы, жынысөзек қоймасы, сынама қоймасы бар.