"Геоплазма" ЖШС

Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау

Телефон: +7 (7132)41-40-60
Факс: +7 (7132)41-40-80
Е-mail: geoplazma@geoplazma.kz

  • English
  • Қазақ
  • Русский

«Геоплазма» ЖШС геологиялық ғылыми-зерттеу мекемесі. Оның қызмет аясына жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу және зертханалық-аналитикалық қызмет көрсету кіреді

Сынақ зертханасы

«Геоплазма» ЖШС-нің МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сай аккредиттелген өзінің Сынақ зертханасы (СЗ) бар. СЗ Ақтөбе қаласында орналасқан, қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған; зертхананың тұрақты құрамына тәжірибелі және білікті қызметкерлер кіреді.

«Геоплазма» ЖШС химиялық талдау, минералогиялық, геохимиялық және петрографиялық зерттеулер, рентгенді-фазалық талдау, морфологиялық талдау және т.б. әр түрлі бір топ аналитикалық жұмыстарды орындайды.

Егерде Сізді біздің зертханамыздың мүмкіндігі қызықтыратын болса, біз қуаныштымыз және де қуана отырып, Сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз.

 

Төменде, жүргізілетін жұмыстардың жалпы сипаттамасы келтірілген:

  1. Жыныс, бұрғылау шламы, су, тұзды судың индуктивті байланысқан плазмасымен (ICP OES) спектрометр әдісімен көпэлементті талдау. Әдіс жоғары өнімділікпен, бір топ элементтердің төмен шегін табумен, ең бастысы, жақсы түзулікпен сипатталады. Зертхана VARIAN фирмасының VISTA MPX спектрометріне, геологиялық стандарттардың аумақты коллекциясына, сынама дайындау әдістерінің мол таңдауына ие.

 

 

 

 

Анықталушы элементтердің типтік жиынтығы және ашылу шегі

Элемент

Жыныстарда ашылу шегі, ppm

Detection Limit in Rock

Суда ашылу шегі, ppm

Элемент

Жыныстарда ашылу шегі, ppm

Detection Limit in Rock

Суда ашылу шегі, ppm

Ag 0.3 0.1 Nb 5 0.2
Al 3 0.02 Nd 1.3 0.05
B 1 0.02 Ni 0.8 0.007
Ba 0.4 0.01 P 100 0.1
Be 0.2 0.002 Pb 15 0.02
Bi 0.1 0.01 S 70 30
Ca 0.9 0.02 Sb 1 <0.1
Cd 0.5 0.005 Sc 0.1 <0.1
Ce 30 0.05 Sn 3 2.3
Co 1.5 0.005 Si 8 0.1
Cr 0.3 0.004 Sr 0.1 0.003
Cu 0.2 0.003 Th 9 2
Ga 5.5 0.08 U 10 2
Fe 2 0.05 V <0.1 0.004
La 0.1 0.01 W 0.5 0.03
Li 0.5 0.008 Y <0.1 0.005
Mg 0.8 0.002 Zn 1 0.001
Mo 1 0.1 Zr 1 0.09
Элемент

Жыныстарда ашылу шегі, ppm

Detection Limit in Rock

Суда ашылу шегі, ppm

Ag 0.3 0.1
Al 3 0.02
B 1 0.02
Ba 0.4 0.01
Be 0.2 0.002
Bi 0.1 0.01
Ca 0.9 0.02
Cd 0.5 0.005
Ce 30 0.05
Co 1.5 0.005
Cr 0.3 0.004
Cu 0.2 0.003
Ga 5.5 0.08
Fe 2 0.05
La 0.1 0.01
Li 0.5 0.008
Mg 0.8 0.002
Mo 1 0.1
Nb 5 0.2
Nd 1.3 0.05
Ni 0.8 0.007
P 100 0.1
Pb 15 0.02
S 70 30
Sb 1 <0.1
Sc 0.1 <0.1
Sn 3 2.3
Si 8 0.1
Sr 0.1 0.003
Th 9 2
U 10 2
V <0.1 0.004
W 0.5 0.03
Y <0.1 0.005
Zn 1 0.001
Zr 1 0.09

Тапсырыс берушінің қалауы бойынша анықталушы элементтер элементтерді анықтаудың басқа әдістерімен кеңейтілуі және толықтырылуы мүмкін (ААS атомдық-абсорбциялық талдаумен, XRF рентген сәулеленуімен, колориметриямен, ионометриямен, ICP-MS).

 

  1. Тау жынысының толық талдауы, жеке жыныстарының компоненттерін анықтау. Талдау ICP-OES әдісімен, XRF рентген сәулеленуімен, гравиметриялық әдістермен, колориметриямен жүргізіледі. Құрамына қарай, сынаманы жіктеу қышқылды ашу немесе балқытумен жүргізіледі.

  2. Кен, жыныс, ерітінділердегі алтынды анықтау ppb дан % дейінгі (әдістерімен ICP-OES, ICP-MS, AAS) мазмұн диапазонында.

  3. Май, мұнайдың көпэлементті талдауы ICP-OES әдісімен.

  1. Қоршаған орта материалдарының талдауы (су, топырақ, биологиялық материалдар) ICP-OES әдісімен.

  2. Тау жынысының (құрылымдық-текстуралық сипаттамасы, минералдық құрамы, метосоматикалық өзгертулерді бөлу мен сипаттамасы), сонымен қатар бұрғылау шламының минерологиялық және петрографиялық зерттеулері. Зертхана Buehler фирмасының түссіз, түссіз-жылтыратылған және жылтыратылған ысылмалар жасауға арналған құрал-жабдықтарға, кең спектрлі оптикалық поляризациялық микроскоптар, энергия-дисперсиялық спектрометрі, ИК-спектрометрі т.б. бар JEOL фирмасының электрондық микроталдағышына ие.

  3. Аналитикалық кескінді электронды микроскопия. Морфология құрамын, демеуліктерін, оған қоса морфометрлік талдауды зерделеу.

  4. ICP-MS, ICP-OES, XRF, ААS әдістерімен геохимиялық сынаманың талдауы.

Сынақ зертханасының «Геоплазма» ЖШС тұлғасында бір мердігермен сынама дайындаудан бастап (уату, ұнтақтау, ылғыл немесе дымқыл сынаманы қосымша кептіру, өлшеу және т.т.), келесі аналитикалық зерттеулер мен сынама телнұсқасын сақтаумен аяқталатын, сонымен қатар ұңғыманың керн мен шламын толық өңдеу циклы мен сынама талдауын орындауды қамтамасыз ететін уатқыш цехы, жынысөзек қоймасы, сынама қоймасы бар.

Арнаулы үй-жай құрылысы (жынысөзек қоймасы, сынама қоймасы) қызмет көрсетілетін кәсіпорынның өкіліне сұралатын жынысөзек пен шламның фрагментіне тез қол жеткізуге мүмкіндік береді, ұңғыманың жынысөзек пен шламының, әртүрлі тау жыныстарының сынамасының ұзақ мерзімді және сенімді сақталуын қамтамасыз етеді.