"Геоплазма" ЖШС

Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау

Телефон: +7 (7132)40-63-43
Е-mail: geoplazma@geoplazma.kz

  • English
  • Қазақ
  • Русский

«Геоплазма» ЖШС геологиялық ғылыми-зерттеу мекемесі. Оның қызмет аясына жер қойнауын пайдаланушыларға ғылыми-зерттеу және зертханалық-аналитикалық қызмет көрсету кіреді

Геология және геофизика бөлімі

«Геоплазма» ЖШС-нің геологиялық қызметкерлері өз қызметтерінде көмірсутекті шикізат (КСШ), қатты және көпшілікке таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлауда заманауи әдістерін басшылыққа алады, құжаттарды сараптамаға келісу бойынша барлық қажетті рәсімдерді орындай отырып, іздеу және іздеу-барлау жұмыстарының жобаларын жасауға қатысады; КСШ объектілерінің сынамалық пайдалануы мен барлау жобаларын жасауды, КСШ–ның ресурстары мен қорларын бағалауды, заманауи ІТ бағдарламаларын қолдана отырып ҰГЗ түсіндіруді, бұрғылау мәліметтері бар геологиялық-геофизикалық материалдарды жалпылау мен талдауды жүзеге асырады.

 

 

«Геоплазма» ЖШС-нің геология және геофизика бөлімінің қызмет аясына келесі қызмет түрлері енеді:

 

  • жер қойнауын пайдаланушы құқығын алуға арналған үлгілік келісімшартын жасау;

  • геологиялық барлау жұмыстарын жобалау;

  • территорияны геологиялық картаға түсіру (масштаб 1:200000 және ірілеу);

  • кен геологиясы бойынша жалпылау материалдарымен байланысты өңірлік геологиялық зерттеулер;

  • кенді және кенсіз пайдалы қазбаларды далалық іздеу-барлаушылық және геологиялық-барлау жұмыстары;

  • қорларды есептей отырып геологиялық есеп берулер жасау;

  • Карбонаттық және терригендік қабаттардың объектілеріне, сонымен қатар Батыс Қазақстанның басқа да бірегей геологиялық (магмалық, метаморфиялық, метасоматикалық) объектілеріне ғылыми – геологиялық экскурсиялар ұйымдастыру және жүргізу;
  • жобалау жұмыстарын орындауда жобалар мен инженерингтік қызметтерінің арнаулы бөлімдерін дайындау;

  • мемлекеттік және жергілікті маңызы бар табиғи-қорықтық қорлардың ерекше қорғалатын геологиялық объектілеріндегі ғылыми зерттеулер;

  • протерозойлық, палезойлық, мезозойлық және кайнозойлық қабаттар мен түзінділер жынысының заттық құрамын зерделеу;

  • күндізгі және ультракүлгін жарығындағы фотоқұжаттамасымен ұңғыманың жынысөзек (керн) пен шламының микро және макро сипаттамасы;

  • Мұғалжар мен Каспий маңы ойпатының протерозойлық-фанерозойлық қабаттары мен түзінділерінің тіреу және стратотиптік тілімдерін жасау бойынша далалық ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;

  • ұңғымаға сервистік геологиялық қызмет көрсету;

  • жыныс кеуектілігін зерделеу;

  • аналитикалық зерттеулер;

  • геологиялық-геофизикалық материалдар мен мұнай және газга келешегі бар объектілерді анықтауды жалпылау мен талдау негізінде геологиялық құрылымын зерделеу;

  • көмірсутекті шикізатты құрылымдарда (геологиялық-әдістемелік бөлім) барлау жобаларын дайындау; мемлекеттік бақылау органдарында келісу;

  • мұнай-газға келешегі бар геологиялық үлгіні анықтау мақсатында бұрғылау деректері мен ҰГЗ есебімен, өткен жылдардағы 2Д, 3Д сейсмикалық материалдарды түсіндіру және қайта түсіндіру;

  • Каспий маңы ойпатының солтүстік және шығыс борттарының территориясында мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарының бағыты бойынша ұсынымдар;

  • мұнай мен газдың келешігін бағалау мақсатында, Каспий маңы ойпатының солтүстік және шығыс борттары бойынша тұз астындағы және тұз үстіндегі кешеннің дайындалған және анықталған жергілікті құрылымын талдау;

  • өткен жылдардағы геологиялық-геофизикалық материалдардың сейсмикалық-стратиграфиялық талдауы негізінде тұз үстіндегі және тұз астындағы кешеннің көмірсутектерінің тұтқыштарын анықтау мен зерделеу;

  • Каспий маңы кешендерінің тұз үстіндегі және тұз астындағы схемалық геологиялық үлгісін жасау.